конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қарды тазалау бойынша тәулік бойы кезекші...

Алматыда қарды тазалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Әлеумет 12.12.2023, 04:37 812
Алматыда қарды тазалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Сағат 09:00 - дегі жағдай бойынша қалада және таулы жерлерде 13-15 см қар жауды. Қар жауа бастағаннан бері жолдардың жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізілуде. Тротуарлар, жалпы пайдалану орындары, қоғамдық көлік аялдамалары, жер үсті өткелдері қардан тазартылуда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының бірге еріп жүруімен қарды тырмалау бойынша сыпыру-жинау машиналарының 17 колоннасы ұйымдастырылды. Магистральдық көшелерден 635 м3 қар сыртқа шығарылды. Жалпы қардан тазарту жұмыстарына 50 жедел патрульдік бригада, 325 бірлік арнайы техника, оның ішінде 167 құм таратқыш, 1154 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша қар 15 сағатқа дейін біртіндеп жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы минус 10 - 12, кешке -16 градусқа дейін төмендейді. Түнде минус 23- 25 градус аяз. 13 желтоқсаннан 14 желтоқсанға қараған түні минус 25-27 аяз болады деп күтілуде. Сондықтан, коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында тағы да автокөлік жүргізушілердің жолды қардан тазартуға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді және жеке автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұраймыз. 



Жеке көлікпен жүрудің шұғыл қажеттілігі кезінде жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, күрт тежеуге жүгінбеуге, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүргенде абай болу, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек, қарттар мен балаларға көмек көрсеткен жөн.


Қарды сапалы тазалау бойынша тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауына, 1308 байланыс орталығына жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);