AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қарды қолмен күреп жатыр

Алматыда қарды қолмен күреп жатыр

Әлеумет 26.01.2024, 04:26 1,035
Алматыда қарды қолмен күреп жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қар күреуге 458 бірлік техника мен 1224 жұмысшы жұмылдырылды


Алматы қаласында 26 қаңтар күні сағат 04:00-ден бастап қар жауа бастады. Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 2 см түсті.


Қар жауғанға дейін алдын ала негізгі магистральдық көшелер сұйық реагенттермен өңделген. Көктайғақтың алдын алу мақсатында сағат 05:00-ден бастап 126 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себілді. Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 386 тонна КҚМ пайдаланылды.


Тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қолмен күреліп жатыр. 




Түнгі уақытта барлығы 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды. 19 қар тиегіштің, 66 өзі түсіргіш жүк көлігінің, 3 трактордың, 2 автогрейдердің және 127 жұмысшының күшімен қар шығару жұмыстары қолға алынды. Соңғы қар жауғанға дейін 17 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 87 мың м3 қар шығарылды.



26 қаңтар сағат 08:00-ден бастап 458 бірлік техника, атап айтқанда 153 құм таратқыш, 169 шағын тротуар жинау техникасы, 45 тиегіш, 69 өзі түсіргіш жүк көлігі және 1224 жұмысшы қар күреуге шықты. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.



«Қазгидромет» РМК болжамынша 26 қаңтарда күндізгі уақытта аздап қар жауады. Түнде және күндіз ауа температурасы -1...-3 градус.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);