AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қандай жолайрықтар аяқталып, қай көшелер...

Алматыда қандай жолайрықтар аяқталып, қай көшелер ұзартылады?

Әлеумет 05.12.2024, 09:44 645
Алматыда қандай жолайрықтар аяқталып, қай көшелер ұзартылады?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Саин көшесін ұзарту Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді


Жақын арада Алматы Мәслихатының отырысында мегаполистің үш жылдық бюджетінің жобасы қаралатын болады. Қала Мәслихатының баспасөз қызметі қандай инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлу көзделіп отырғанын хабарлады.  

  • Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Саин көшесінің, сондай-ақ Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі қиылысының құрылысын аяқтау жоспарланған
  • Келесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км  ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% - ға төмендеуі күтілуде.
  • Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың  жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.
  • Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағы абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.
  • Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды.
 
Айта кету керек, жолайрығы пайдалануға берілген кезде  Жансүгіров көшесі бойынша өткізу қабілеті 15% - ға, Сейфуллин даңғылы бойынша 20% - ға артады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолайырық #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика