Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қалалық басқарудың жаңартылған құрылымы б...

Алматыда қалалық басқарудың жаңартылған құрылымы бекітілді

Барлығы 07.08.2025, 19:47 720
Алматыда қалалық басқарудың жаңартылған құрылымы бекітілді
Алматы әкімдігі

Сессия аясында депутаттар бірқатар маңызды шешімді қарап, қолдады. Соның ішінде қаланы басқарудың жаңартылған схемасы бекітілді. Өзгерістер әкімшілік құрылымның тиімділігін арттыруға және Үкімет бекіткен базалық құрылымға сәйкестендіруге бағытталған. Атап айтқанда:

- экономика басқармасы мен Қаржы басқармасы біріктіріліп, Экономика және қаржы басқармасы болып құрылды;

- қоғамдық даму басқармасы Ішкі саясат басқармасы болып қайта аталды;

- қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Сәулет және қала құрылысы басқармасы болып өзгертілді;

- сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасы Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы болып қайта құрылды;

- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы болып аталды.

Жол-көлік саласын қайта ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қалалық мобильділік басқармасы екі дербес органға бөлінеді. Олар:

- жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы – қоғамдық көлікті, паркинг кеңістігін, бағдаршам нысандарын, жол таңбалары мен белгілерін реттеу функцияларын орындайды;

- жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы – жол желісін, көлік торабы нысандарын (ТПУ), метро, LRT, BRT және аялдама кешендерін салу мен дамытуға жауапты.

Барлық өзгеріс Үкімет бекіткен қала әкімдігі аппаратының штат санын сақтау аясында, ішкі қайта бөлулер арқылы бюджеттен қосымша шығынсыз жүзеге асырылады.

Сонымен қатар депутаттар Қазақстан Республикасының жаңартылған Су кодексіне сәйкес әзірленген Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекітті. Құжат тұрғындардың су айдындарына еркін қол жеткізуін, қоршаған ортаны қорғауды және санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті деңгейде алғаш рет ортақ су айдындарында азаматтардың демалыс, балық аулау және туризммен айналысу құқығын кепілдендіретін жария су сервитуты қағидаты бекітілді.

Басқа да шешімдердің қатарында депутаттар Алматы қаласында адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ережені келісіп, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның консультативтік-кеңесші органының құрамына өзгерістер енгізді.

Сессия соңында депутаттар Алтай Бердіқұловты Алматы қаласы бойынша Ревизиялық комиссия Төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылдады. Уақытша міндетті комиссия мүшесі Данияр Төркешов атқаратын болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика