AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюни...

Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды

Алматы Бүгін 13:59 45
Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды
Алматы әкімдігі

Қала күні қарсаңында Алматының Әуезов ауданында жастарға арналған жаңа комьюнити орталық ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аумағы 400 шаршы метр болатын кеңістікте шығармашылықпен айналысуға, заманауи технологияны меңгеруге және жаңа дағдыларды дамытуға жағдай жасалған. Орталықтағы барлық қызмет жастар үшін тегін. Жаңа орталықта дыбыс жазу студиясы, би залы, робототехника және 3D-модельдеу аймағы, цифрлық контент әзірлеуге арналған кеңістік, сондай-ақ білім беру және кеңес беру алаңдары қарастырылған. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Орталықтың мүмкіндіктерімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов танысты. Жаңа нысанның іске қосылуы қала әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жастар орталықтары желісін кеңейту жұмыстарының бір бөлігі болды. Қазіргі уақытта Алматының барлық ауданында осындай 12 алаң жұмыс істейді.

«Жастар орталығы тек іс-шара өткізетін орын емес, жастардың білім алып, дамып, идеясын жүзеге асыра алатын кеңістік болуы маңызды», – деді Абзал Нүкенов.

Орталықтағы жаңа жобалардың бірі «AI Креатор» курсы. Бағдарлама аясында жастар контент өндірісінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануды меңгереді. Қатысушылар идея мен сценарий әзірлеуден бастап, визуал, дыбыс және монтаж жасауға дейінгі негізгі кезеңдерді үйренеді. Курстың алғашқы легіне 20-ға жуық адам жазылған.

Сонымен қатар дыбыс жазу студиясында әндер мен подкасттар жазуға, би залында түрлі воркшоптар ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Арнайы контент аймағы фото және бейне түсіруге арналған. Ал робототехника және 3D-модельдеу кеңістігінде орталықтың ашылуына орай Алматының басты нышандарының бірі алма бейнеленген «Тілек ағашы» әзірленді.

Орталықтың ашылуымен қатар «ALMATY 24 sagat» бейнебайқауы басталды. Байқау шарты бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде Алматы, ауданы, сүйікті орындары немесе қала тұрғындары туралы қысқа бейнеролик түсіруі керек.

«Біз үшін әрбір жастың бағытын табуына – жаңа дағды меңгеруіне, технологияда немесе шығармашылықта өзін сынап көруіне, не болмаса өз жобасын іске қосуына мүмкіндік болуы маңызды», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарының қызметін 10,6 мыңнан астам жас пайдаланған. Олар жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар бойынша көмек алып, психологиялық және құқықтық кеңестерге жүгінген. Бұдан бөлек, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша 18 мыңнан астам адамды қамтыған 190-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Ал «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен 80-нен астам экологиялық акцияға 10 мыңнан астам жас алматылық қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36

Қазақстанда бағалардың маусымдық төмендеуі жалғасуда

Бүгін 14:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін 14:31

Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды

Бүгін 14:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);