19-20 қыркүйек күндері Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында Астана алаңында бірегей мультимедиялық жоба - 3D MAPPING SHOW өтеді. Жоба қала тарихын, сәулет өнері мен заманауи цифрлық технологияны бір ауқымды визуалды қойылымда тоғыстырады.
Сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ҚБТУ ғимаратының сәулеттік кеңістігі алып экранға айналатын жарық шоуын тамашалай алады. 3D-мэппинг технологиясының көмегімен көрермендерге Алматының қалыптасуынан бастап, қаланың дамуындағы маңызды кезеңдер, бүгінгі келбеті мен болашақ бейнесіне дейінгі визуалды тарих ұсынылады.
Жобаның негізгі идеясы – Алматының өткені, бүгіні мен болашағын жарық, қозғалыс, музыка және цифрлық технология арқылы біртұтас динамикалық оқиғаға біріктіріп, қаланы жаңа қырынан таныту. Қойылым барысында тарихи бейнелер, қала сәулеті және Алматы дамуының маңызды кезеңдері жанданады. Көрермендер қаланың уақыт өте қалай өзгергенін, бүгінгі келбетін және болашақта қандай болуы мүмкін екенін көре алады.
3D MAPPING SHOW – Алматы тарихына жаңаша көзқараспен қарап, оны заманауи технология тілімен таныстыруға мүмкіндік беретін бірегей формат. Мұнда сәулет қойылымның бір бөлігіне айналып, қала тарихы ашық аспан астындағы ауқымды визуалды спектакль ретінде ұсынылады.
Өтетін орны: Астана алаңы
Күні: 19-20 қыркүйек
Уақыты: 20:00-22:00