AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Алматыда қаһарман ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған...

Алматыда қаһарман ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған көрме ашылды

Көрме 06.05.2022, 08:02 4,588
Алматыда қаһарман ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған көрме ашылды
Сурет: Abilet.kz

Мақсат - жастар арасында батырдың ерлігін насихаттау.


Биыл Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Алматы қаласында «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Мемлекеттік орталық музейде әуеге 300 мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігін насихаттайтын көрме ашылды.


Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың» жеке және отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапаттары көрермен назарына ұсынылды.


Сонымен қатар, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған хаттары мен қаһарман тұлға туралы мақалалар топтамасы қойылды.


Көрмеге келушілер Хиуаз Доспанованың майданда және өмірде қолданған жеке заттарын тамашалай алады.



«Көрменің мақсаты - Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін жастар арасында кеңінен насихаттау. Көшпелі көрмеге музей қорынан 90-ға жуық жәдігер әкелінді. Жалпы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Хиуаз анамыздың 150-ден астам экспонаты бар. Оның 120-сы құжат пен сурет болса, қалған 30-ы - өзі өмірде қолданған бұйымы мен заттары», - дейді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы Динара Бейсенбаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);