конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция қылмыс жиі орын алатын ойын-сауық...

Алматыда полиция қылмыс жиі орын алатын ойын-сауық мекемелерін анықтады

Заң мен тəртіп 07.02.2025, 10:39 1,126 Bakyt
Алматыда полиция қылмыс жиі орын алатын ойын-сауық мекемелерін анықтады
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының полициясы қылмыс жиі тіркелетін ойын-сауық орындарын анықтап, олардың қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz 

Ішкі істер министрі жариялаған профилактика жылы аясында Әуезов ауданында ойын-сауық мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Жиынға аудандық полиция басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, сондай-ақ бар, мейрамхана және түнгі клуб иелері қатысты.

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаевтың айтуынша, ауданда 65 ойын-сауық мекемесі бар, оның 16-сында бұзақылық пен төбелес жиі тіркеледі. Өткен жылы осы орындарда 61 қылмыс жасалған.

"Көптеген мекемелер тәжірибесі және тиісті лицензиясы жоқ күзет ұйымдарының қызметіне жүгінеді. Күзетшілер келушілер арасындағы жанжалдарды тоқтатудың орнына, оларды ғимараттан шығарып жіберумен ғана шектеледі. Бұл қылмыстың көбеюіне ықпал етеді", – деді Меңдебаев.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ойын-сауық орындарында қылмыстың алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ есірткі саудасының жолын кесу жұмыстары басты назарға алынбақ.

Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне:
Лицензиясы бар кәсіби күзет қызметін қолдану;
Бейнебақылау камераларын орнату және олардың санын арттыру;
Қақтығыс жағдайларын азайту үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыру міндеттелді.

Алматы қаласының құқық қорғау органдары қауіпсіздік ережелерін бұзған ойын-сауық орындарына қатаң шаралар қолданатынын ескертті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ойын-сауық #қылмыс #қауіпсіздік #Данияр Меңдебаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);