Алматыда полиция алаяқтар туралы постерлерді таратты

Алматыда полиция алаяқтар туралы постерлерді таратты Сурет: Polisia.kz

Алматыда интернет-алаяқтықты 10,5%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Құқық қорғау органдары зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күресті күшейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер халықпен жұмысты негізгі критерийлер бойынша жүргізеді . Бұл ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, яғни БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, буклеттер, брошюралар, көшелерде, қоғамдық орындарда, интернет-алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы ескертулер. Сондай-ақ алаяқтықтың жаңа түрлеріне, оларды жасау жолдарына және дер кезінде алдын алу шараларына мониторинг жүргізілуде, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша постерлер ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетілуде.

– Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге тағы да жүгінгім келеді және сіздерден, ең алдымен, жеке деректеріңізге қатысты тәртіпті сақтауларыңызды сұраймын: жеке ақпаратты, телефон құпия сөздеріңізді немесе карталарыңыздың CVR кодтарын ешкіммен бөліспеңіз. Оларды алаяқтар пайдалануы мүмкін. Банктен түскен кез келген қоңырауды, туыстармен болған кез келген жағдайды қайта-қайта тексеру керек, – деді Ілияс Өмірсеріков.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Anti Fraud” республикалық іс-шарасы өтуде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:17

16:14

16:11

16:08

16:06

16:02

15:59

15:56

21:34

21:28

18:28

16:40

14:39

14:11

14:04

13:54

13:28

13:12

09:14

17:55

17:12

16:16

16:13

16:11

16:08