конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіп...

Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді

Барлығы 08.12.2025, 11:05 921
Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы №200 жалпы білім беретін мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған кешенді қауіпсіздік сабағын жүргізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Іс-шараға киберполиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ювеналды полиция бөлімшелерінің мамандары қатысты. Полицейлер оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіптер, кең таралған алаяқтық түрлері, сондай-ақ қауіп төнген жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, жеке деректерді қорғау және қажетті жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызына назар аударылды.

 — Жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс – біздің негізгі басым бағыттарымыздың бірі. Мұндай сабақтар балаларға нақты тәуекелдерді түсініп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Біздің міндет – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мектептердегі жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз, себебі алдын алу — әрдайым салдармен күресуден тиімді, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қауіпсіздік сабағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Бүгін 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Бүгін 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Бүгін 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Бүгін 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);