AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкерел...

Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі

Барлығы 14.01.2026, 09:15 568 dulatbekova
Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі
Сурет: Polisia.kz

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындарда жасалған бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Күдіктілердің екеуі бір топтың құрамында әрекет еткен. Олар сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде және адам көп жүретін өзге де орындарда жаңа жыл алдындағы қарбалас пен азаматтардың бейқамдығын пайдаланып, қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта олардың кемінде 12 қалта ұрлығы дерегіне қатысы бары дәлелденді. Анықталғандай, аталған азаматтар бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тағы бір күдікті қылмысты жалғыз өзі жасаған. Ол қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан. Бұл азаматтың кемінде 7 қылмыстық эпизодқа қатысы бары дәлелденді. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

— Қалтакесерлер әрдайым адам көп жиналатын, азаматтардың назары бөлінетін орындарды таңдайды. Қоғамдық көлік, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендер. Дәл осындай сәттерде олар әрекет етеді. Ұсталғандардың барлығы — сериялық қылмыскерлер, олардың бір бөлігі бұрын сотталған. Қазіргі уақытта қосымша эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, — деді Алматы қалалсы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

 Сондай-ақ ол қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырды.

— Азаматтарды жеке заттарына мұқият қарауға, телефон мен әмиянды сыртқы қалтада қалдырмауға, қоғамдық көлікте және адам көп шоғырланған жерлерде сөмкені алдыңызға ұстап жүруге шақырамыз. Сақтық — қалта ұрлығының алдын алудағы ең тиімді қорғаныс, — деп түйіндеді Асхат Даулетияров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қалта ұрылары #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21

Төтеншеліктер алматылықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Бүгін 09:17

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр

Бүгін 09:16

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді

Бүгін 09:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);