конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда педагогика ардагерлеріне арналған “Алғыс...

Алматыда педагогика ардагерлеріне арналған “Алғыс айтар ұрпақ бар” атты салтанатты концерт өтті

Алматы құшағында 01.03.2026, 11:35 313
Алматыда педагогика ардагерлеріне арналған “Алғыс айтар ұрпақ бар” атты салтанатты концерт өтті
Алматы әкімдігі

Алғыс айту күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған «Алғыс айтар ұрпақ бар» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жас ұрпақты тәрбиелеуге ғұмырын арнаған ұстаздарға тағзым ету мақсатында өткен бұл рухани кеш ұрпақтар сабақтастығы мен терең құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Іс-шараға 300-ден астам ардагер-ұстаз қатысып, оларға ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты бөлімде білім басқармасының өкілдері қала басшылығы атынан педагогика ардагерлеріне шынайы алғыс білдіріп, олардың ел болашағын қалыптастыру жолындағы өлшеусіз еңбегін атап өтті.

Концерттік бағдарлама мазмұнымен және әсерлілігімен ерекшеленді. Сахна төрінде сырлы әндер шырқалып, күйлер күмбірледі, шығармашылық ұжымдар көркем хореографиялық қойылымдарын ұсынды. Әрбір өнер көрсетілім ұстаз еңбегіне деген ықылас пен құрметтің айғағына айналды. Кеш қонақтары жағымды әсер алып, ерекше жылы әрі әсерлі атмосфераның куәсі болды.

«Алғыс айтар ұрпақ бар» атты мерекелік концерт ұстаз мамандығының қоғамдағы маңызын айқындай түскен тағылымды іс-шара болды. Педагогика ардагерлерінің даналығы мен өмірлік тәжірибесі ел дамуының берік іргетасы екені тағы бір мәрте айқындалды.

Мұндай мазмұнды іс-шаралар ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтып, қоғамда сыйластық пен алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды

Бүгін 16:57

Gran Fondo World Championship: Алматыда жексенбі күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:16

Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады

Бүгін 15:24

Белсенді сайлау науқаны Құрылтай сайлауындағы қатысу белсенділігін арттыруы мүмкін – сарапшы

Бүгін 15:15

Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);