AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Панфиловшы-Батырлардың шыңына Альпиниада...

Алматыда Панфиловшы-Батырлардың шыңына Альпиниада өтеді

Не? Қайда? Қашан? 16.04.2024, 06:20 1,288
Алматыда Панфиловшы-Батырлардың шыңына Альпиниада өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 7 мамырында Отан қорғаушылар күнінің құрметіне орай және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Кішіалматы шатқалының ең әдемі шыңдарының бірі - Панфиловшы-Батырлар шыңына жаппай өрмелеп шығу өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Шыңға өрмелеу бағыты Медеу биік таулы  мұз айдынынан (1600 м) жалпы ашылуымен сағат 05:30-да басталады және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Тұйық су, Мыңжылқы шатқалдары, Мәншүк Мәметова мұздығы мен асуынан, Панфиловшы-Батырлар шыңына(4120 м) көтеріледі. Бағыт өте күрделі-қиындық санаттары 1А.




Шыңға өрмелеуді ұйымдастырушылар- Алматы қаласынрың Туризм басқармасы (Almaty_Tourism Bureau), Алматының альпинизм  Федерациясы (falp.kz) және Алматы мен Қазақстанның спорттық туристер Достастығы (Turclub.kz). Альпиниадаға қатысуға барлық ниет білдірушілер шақырылады. Кері бағытта қатысушыларға «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бағыт бойындағы қоқыс пен ұсақ қалдықтарды жинауға қосылу ұсынылады.



Қатысушылар таудағы ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек, шаңғы таяқшаларын пайдалану ұсынылады. Альпиниаданың барлық қатысушылары үшін 2023 жылғы 7 мамырда сағат 05:30-дан 08:30-ға дейін Медеу – Шымбұлақ – Медеу гондолалық жолында жол жүру құны 1000 теңгені құрайды. Альпиниаданы өткізу қауіпсіздігін Алматы қаласының альпинизм федерациясының күштері және Қазақстанның тау құтқарушылар қауымдастығы қамтамасыз етеді.


Панфиловшы-Батырлар шыңын алғаш рет 1942 жылы Бүкілодақтық тау-кен даярлау мектебінің курсанттар тобы бағындырған болатын. 2012 жылдан бастап осы бағыт бойынша альпиниадалар жыл сайын өткізіледі.


Іс-шара Алматы қаласының халқы мен жастарын белсенді демалыс түрлеріне, салауатты өмір салтын ұстануға, қоршаған ортаға және тауларға бару мәдениетіне ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға тартуға арналған.


Қосымша ақпарат және БАҚ аккредиттеу үшін Алматы қаласының альпинизм Федерациясына хабарласу қажет,  байланыс телефонының нөмірі: +7 705 808 7312 Елена.


Тіркеу Альпиниада «Алматы 2024» (turclub.kz) сайтында  жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Альпиниада #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="99"]'); } }, 1500);