AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда өзен-көл бассейндеріндегі су деңгейін төм...

Алматыда өзен-көл бассейндеріндегі су деңгейін төмендету жұмыстары басталды

Өмір-өзен 15.07.2022, 04:36 1,862
Алматыда өзен-көл бассейндеріндегі су деңгейін төмендету жұмыстары басталды
Сурет: Inform.kz

Биыл Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 7 көлді босату жұмыстары жүргізіледі.


Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы маңында 45 мореналық және мұздық көл орналасқан, олардың ішінде аса қауіптісі – 12. Алматы қаласының аумағында селмен күресудің ең тиімді әдісі - мореналық көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу. Биыл Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 7 көлді босату жұмыстары ауа райының қолайсыздығына және таулы аймақтың төмен температуралық жағдайына байланысты бір ай кешірек басталды»,-деп хабарлады ведомстводан.



Алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісіп, бульдозерлер іске қосылды, эвакуациялық каналдарды тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.



«Суды қосымша айдау үшін арнайы понтондарда 10 бірлік өнімділігі жоғары су сору қондырғылары дайындалды. Сондай-ақ, су ағызу белгіленген сифонды құбырлар желілері бойынша жүзеге асырылады. №6 және 13 Бис көлдеріндегі екі сифон желісі автоматты түрде қосылды. Үлкен Алматы өзені бассейніндегі №8 және 13 Бис қауіпі бар көлдерде қосымша 2 желіні қосу жоспарлануда, ол үшін 2900 метр полиэтилен құбырлары дайындалды»,- деп атап өтті қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.



Мореналық көлдердің жай-күйіне бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 9 бекетке қосымша 10 биік таулы маусымдық бекеттер қойылған. Сел қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті сел қаупін автоматтандырылған мониторинг арқылы бақылайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су деңгейі #төмендету #бассейн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08

Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі

Бүгін 10:36

Қазақстанда 2,7 тонна қоқыс жиналды

Бүгін 10:09

Елдің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика