AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқушыларға әскери инженер мамандығының ар...

Алматыда оқушыларға әскери инженер мамандығының артықшылықтары жайлы айтылды

Әлеумет 06.03.2024, 14:10 1,111
Алматыда оқушыларға әскери инженер мамандығының артықшылықтары жайлы айтылды
Сурет: Gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ақпараттық-насихаттау тобы Түрксіб ауданындағы № 78 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті. 


Әскери білім беретін мекемелердің өкілдері оқушыларға ҚР Қарулы күштерінде қызмет ету перспективалары туралы әңгімелеп берді. Оларды жоғары оқу орнының тарихымен, оқуға түсу ережелерімен және әскери институтта оқу шарттарымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 



«Кездесу қызық өтті. Бізге өмірін күрделі, бірақ аса маңызды миссияға – Отанды қорғауға арнаған әскери адамдардың батылдығы мен ерлігі туралы айтылды. Өз өмірімді осындай асыл мамандықты үйренуге арнаймын деп шешім қабылдадым», – деді «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушісі Шыңғысхан Әлімбеков.



Оқушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.


Институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Медғат Мадрахимов мұндай іс-шаралар курсанттарды іріктеу сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты «әскери істегі радиотехника және инжиниринг», «әскери істегі радиоэлектроника және инжиниринг», «әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «әскери істегі дирижерлеу», «әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс», «әскери құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану» мамандықтары бойынша офицерлер дайындайтынын естеріңізге сала кетейік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскери инженер #артықшылықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);