AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда «Оның аты - Айбар» атты мультхикаясының...

Алматыда «Оның аты - Айбар» атты мультхикаясының жабық көрсетілімі өтті

Не? Қайда? Қашан? 06.12.2022, 05:32 1,733
Алматыда  «Оның аты - Айбар» атты мультхикаясының жабық көрсетілімі өтті
Сурет: Egemen.kz

«Оның аты – Айбар» - 2D мен 3D форматында түсірілген еліміздегі тұңғыш мультсериал.


Сериал OrdaGen жобасының YouTube арнасында балаларға тегін көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Балаларға арналған бұл жоба 10 сериалдан тұрады. Ұзақтығы – 5-7 минут. Басты кейіпкері – Айбар атты қасқыр. Ол өзінің Шымыр, Момын, Барыс, Ерке сынды достарымен бірге түрлі оқиғаны басынан кешіреді. Авторлар әр сериалда оқиғаны қызық етумен қатар, құнды ақпарат жеткізуге тырысқан. Мәселен, бір бөлімінде шахмат ойыны туралы мәлімет берілсе, енді бір сериясында қағаздан ұшақ жасауды үйретеді. 


Аталмыш туындының идея авторы – Айбек Қуатбай. Ал жоба жетекшісі – Парасат Танен. Мультсериалға режиссерлік еткен – жас аниматор-режиссер Дидар Нұрлаев. Ал сценарийін Шыңғысхан Ермахан және Сенбек Руслан атты жас қаламгерлер жазған. 


Мультхикая жасау – қызығы мен қиындығы қатар жүретін процесс. Көрермен назарына ұсыну үшін бірнеше кезеңнен өтетінін біреу білсе, біреу білмес. Аталмыш туындының режиссері Дидар Нұрлаев осы жайында айтып берді. 


"Бұл мультхикая –  2d мен 3d форматтарының біріккен түрі. Командадағы бас аниматорымыз Руслан кейіпкерлерді 2 d форматта жасап шығарды. Ал 3 d суретшіміз Мади қоршаған ортаны 3 d түрде істеді. Осы 2 d мен 3 d атты екі әлемді араластырғанның арқасында комбо стиль дайын болды. Соңғы уақытта мұны шетел аниматорлары жиі қолданып жүр.



2D кейіпкерлердің бейнесін дизайнер алдын ала жасап алды. Ол жанынан, алдынан, артынан қарағандағы түр-әлпетін салып шықты. Бойын да өлшеді. Сондай-ақ әрбір іс-қимылын, эмоциясын, мимикасын сызба түрінде дайындап қойды. Кейін Руслан өзіне керек бейнені алып, қозғалысқа түсірді. Ол Moho деген бағдарламада Жансая салған суреттерге жан бітірді. Содан соң дайын болған анимацияны Blender атты бағдарламаға көшірдік», - деді ол. 



Жоба жетекшісі Парасат Танен бұған дейін де балаларға арналған контент барысында жұмыс атқарып жүр. Ол OrdaGen жобасы аясында «Orda ертегілері» кітабын шығарды. Сондай-ақ 1000-ға жуық ертегіні қамтыған OrdaGen мобильді қосымшасын ұсынды. Енді балалар аудиториясын мультсериалмен қуантып отыр. Ол бұл мультсериал тіліміздің аясын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. 



«Кейбір туған-туыстарым мен достарымның балалары қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмады. Өйткені көретіндері – өзге елдің анимациялық өнімдері. Өзім де әке болғандықтан, балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Алғаш Айбек Қуатбайдан мультфильм түсіру жайлы идея келгенде, ерекше қуандым. Тез арада команда жасақтап, жұмысқа кірісіп кеттік», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мультхикая #жабық көрсетілім #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46

Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Бүгін 13:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика