AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда онлайн танысу арқылы тонау ұйымдастырғанд...

Алматыда онлайн танысу арқылы тонау ұйымдастырғандар ұсталды

Барлығы 05.08.2025, 10:25 945
Алматыда онлайн танысу арқылы тонау ұйымдастырғандар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда онлайн танысу арқылы ұйымдастырылған тонау оқиғасына қатысты үш күдікті – екі ер адам мен бір әйел ұсталды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме беріп. 

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны танысу қосымшасы арқылы бір қызбен танысып, оның үйіне барған. Алайда әңгіме барысында қыздың екі ер танысы келіп, жәбірленушіні қорқытып, оның құнды заттарын тартып алған. Кейін күдіктілер оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілерді ізін суытпай ұстаған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің "тонау" бабымен іс қозғалды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан мұндай схема бұған дейін де қаланың өзге аудандарында тіркелгенін атап өтті. Ол азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға шақырды:

"Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде, аса мұқият болуға шақырамыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады: бейтаныс адамдарға сенбеу, күмәнді мекенжайларға бармау және жаңа таныстармен кездесуге шыққанда жақындарына міндетті түрде хабарлау қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #Түрме #тонау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);