AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде

Алматыда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде

Әлеумет 19.03.2024, 04:42 1,082
Алматыда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде
almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсерлі жауын-шашын болады деп күтілуде, осыған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындыққа келтірілді. 


Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан негізгі меридиандық арықтарды тазарту аяқталды. Көлденең арық желілерін жинау жұмыстары жалғасуда. 18 наурыздағы жағдай бойынша 640 тонна қоқыс, сазды балшық, лай және мұз шығарылды.


Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады.


Ауа-райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтаға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз.


Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нөсер #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның «Үлкен дулығасы»: әлемдік семсерлесудегі тарихи үстемдік

Бүгін 18:40

Алматыда TikTok-тағы былапыт сөздері үшін екі азамат 5 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 18:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

Бүгін 18:00

Қазақстанның университеті Германиямен қос диплом бағдарламасын іске қосады

Бүгін 18:00

Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

Бүгін 17:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);