Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда неонатологтар екі жақты өкпе қабынуымен т...

Алматыда неонатологтар екі жақты өкпе қабынуымен туған сәбиді құтқарып қалды

Медицина 20.07.2023, 09:31 1,591
Алматыда неонатологтар екі жақты өкпе қабынуымен туған сәбиді құтқарып қалды
almaty-akshamy.kz

Бала өткір оттегі жетіспеушілігі белгілерімен туған. Неонатолог дәрігерлер сәбидің дем алуын қалыпқа келтіру үшін шұғыл реанимациялық әрекеттерге көшті. Тыныс алуды толығымен қалпына келтіру мүмкін болмады. Оған себеп, жаңа туған сәби өкпесінің екі жақты қабынуы. Кейіннен анықталғандай, құрсақішілік тыныс алу жетіспеушілігі жүкті кезінде анасының инфекциясы балаға жұққандығы себеп болған.


Сәби өздігінен дұрыс тыныс ала алмағандықтан туғаннан бастап, Алматы қалалық №4 перзентханасының жаңа туған сәбилерге арналған қарқынды терапия жағдайында, өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Дәрігерлердің айтуынша, бала жақсы көрсеткіштермен туылды. Оның салмағы 3 келі 332 грамм болса, бойы 53 см болды.



«Анасының аяғы ауыр кезде қан қысымы жоғары болған және қағанақ суының аздығынан зардап шеккен. Инфекция кезінде қанның ұюы бұзылып, дене қызуы көтерілген және ішек жұмысы бұзылған. Қан ұйюын қалыпқа келтіру үшін қанның сұйық бөлігі құйылды. Сәби өздігінен еме алмағандықтан, өмір сүру қалпын сақтау үшін қоректік заттар тамыр арқылы жіберілді. Бала ұзақ уақыт бойы дәрілік ұйқыда болып өздігінен дем ала алмады. Өкпе мен ішектегі қабыну процесстері қайтқаннан кейін, тыныс алуы біртіндеп қалыпқа келе бастады», – деді №4 перзентхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Кудрявцева. 



Туа біткен екі жақты пневмония бактерия, вирус немесе саңырауқұлақтартан пайда болады. Ол инфекцияның анадан балаға ұрықжолдас арқылы немесе босану кезінде жұғуы салдарынан туады.
Босану кезінде оттегі жетіспеушілігі, шала туу немесе анасында  басқа да медициналық мәселелердің болуы сияқты факторлар туа біткен екі жақты пневмонияның даму қаупін арттырады.



«Бұл жағдайда  сәбидің анасында қасаға суының аздығы болған. Ол туа біткен екі жақты өкпе қабынуы қаупін арттыруы мүмкін. Ұрық қабының ерте жарылуы, плацентаның мәселелері немесе ана ағзасына сұйықтықтың жетіспеуі – ұрықтың өкпесі мен басқа да ағзаларының дамуына қажетті оттегі мен қоректік заттардың жетіспеуіне әкеп соғуы мүмкін. Нәтижесінде, бала инфекцияны жиі жұқтырады. Сондықтан, жүкті әйелдің денсаулығын бақылап, тұрақты түрде тексеріп отырса жүкті кездегі кез келген мәселелерді анықтауға болады», – деп атап өтті Алматы қаласы  №4 перзентхананың босану бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері Индира Кемалова.



Сонымен қатар, дәрігерлер мұндай жағдайда емдеу ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін де атап өтті.



«Баланың жағдайы ауыр деп танылған болатын. Анасына психологиялық қолдау көрсетілді. Жағдайы ауыр балаларды емдеу кезінде бізге ата-ананың сенім артуы маңызды. Бұл көбіне емнің сәтті болуына көмектеседі. Инфекцияны жеңіп шығуға анасының дәрігерлерге деген сенімі мен үміті оң ықпал етті», – деді Алматы қаласы  №4 перзентхана директорының орынбасары Екатерина Самарцева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #Нәресте
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика