конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда неонатология тақырыбы халықаралық деңгейд...

Алматыда неонатология тақырыбы халықаралық деңгейде талқылануда

Барлығы 20.11.2025, 11:42 548
Алматыда неонатология тақырыбы халықаралық деңгейде талқылануда
сурет: автордан

Алматыда «Өмір ерте басталады: шала туған балаларға көмектесудегі ұлттық басымдықтар» тақырыбында халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы басталды.

Алқалы жиын – тәжірибе алмасу, жетістіктерді талқылау, жаңа мақсаттарды белгілеу және ең бастысы жарық дүниеге қазір ғана келген, бірақ салмағы аз, жетіле қоймаған бөбектердің амандығы үшін күш біріктіру мүмкіндігі.

Конференция спикерлері неонатологияның өткір мәселелерін, мәселен, «Шала туған нәрестелердегі сурфактантті терапия», «Перзентханадағы алғашқы реанимация және тұрақтандыру», «Неонатальды сепсис» тақырыптарын, Қазақстан бойынша ең алғаш болып біздің Алматыда ашылған, шала туған сәбилердің өсіп-жетілуіне көп көмегі тиіп жатқан «Сүт банкінің» артықшылығын талқылауда.  Әрине, жарық дүние есігін ашатын барлық нәрестенің тек анасының омырау сүтімен қоректенуі маңызды екені де айтылуда. 

«Біз бұл конференциямызды 17 қарашада аталып өткен Халықаралық шала туған нәрестелер күніне арнаймыз. Біздің мамандар мықты әрі жүректі, мейірімді! 500 грамм болып туған бөбектерді де адам қатарына қосып жатыр. Бүгінгі күні білікті дәрігерлердің күш-жігерінің, күтім жасаудағы заманауи технологиялардың және мемлекет қолдауының арқасында елімізде мыңдаған бала салауатты және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алуда. Біз Қазақстанның ДДСҰ мен ЮНИСЕФ-тің халықаралық стандарттарын белсенді түрде енгізіп, перинаталдық желіні нығайтып, шала туған нәрестелерге күтім жасауда пәнаралық тәсілді дамытып отырғанын мақтан тұтамыз», – деді конференция ұйымдастырушысы профессор Қарлығаш Жұбанышева.

Конференцияның екінші күні ертең Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «шеберлік сабақтарымен» жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Кеше 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Кеше 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Кеше 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Кеше 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Кеше 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);