Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда Наурыз сән-салтанатымен өтіп жатыр

Алматыда Наурыз сән-салтанатымен өтіп жатыр

Алматылықтардың алданышы 21.03.2022, 12:43 5,292
Алматыда Наурыз сән-салтанатымен өтіп жатыр
Cурет: Inform.kz

Мерекелік шара «Астана» алаңында бастау алды


Бүгін Алматыда таңертеңнен бастап Наурыз мейрамына арналған халықтық серуен өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жалпықалалық шараларға мыңдаған мегаполис тұрғыны мен қонақтары қатысуда. Мерекелік шара «Астана» алаңында бастау алды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. 
Басты сахнада көрермендер қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабан, дауылпаз бен қобызды қолдана отырып дайындаған театрландырылған шоуды тамашалады. Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылды.
«Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындады. Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде 50-ден астам сәулет нысандары мен қондырғы орнатылды. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнер жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілер көрмесі мен балалар аймақтары ұйымдастырылды. Көктемнің шуақты күнінде алматылықтар ұлттық киіммен көшеге қыдыруға шықты. Сонымен қатар, қалада спорттық ойындар өтіп жатыр. Кез келген адам арқан тарту, кір тасы мен қошқар көтеру ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады. 
Айта кетейік, мегаполисте негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді. Қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара жоспарланған. 21-22 наурызда Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика