AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда мопедтердің кесірінен 276 жол-көлік оқиға...

Алматыда мопедтердің кесірінен 276 жол-көлік оқиғасы болған

Оқиға 19.04.2022, 15:13 1,447
Алматыда мопедтердің кесірінен 276 жол-көлік оқиғасы болған
Сурет: Inform.kz

Былтыр 5 адам қаза тауып, тағы 297 адам жарақат алған.


Алматыда мопедтердің қатысуымен 276 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, өткен жылы шаһар жолдарында мопедтердің қатысуымен 276 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 297 адам жарақат алған.



«Расында, Алматы қаласында мопедтердің, электросамокаттардың және микромобильді көліктің басқа да түрлерінің қозғалысына қатысты өткір мәселе бар. Көбінесе бұл көлік түрлерін басқаратын тұлғалар ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады, сөйтіп, басқа жол пайдаланушылары үшін қауіп төндіреді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы айларда баламалы көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Мәселен, осы жылдың 3 айында қала жолдарында мопедтердің қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 72 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Мопед тізгіндеген 38 адам жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта алдыңғы саптағы полиция бөлімшелері, скутерлер, мопедтер, самокаттар және велосипед жүргізушілерімен болатын жол-көлік оқиғаларын барынша азайту мақсатында олардың қатысуымен алдын алу жұмыстарын күшейтті.



«Біз екі доңғалақты көлік құралдарын жүргізушілерді жауапкершілік пен жол тәртібін арттыруға шақырамыз. Заңға сәйкес, қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден жоғары болса, онда ол полицияда қарапайым көлік ретінде тіркеліп, жүргізуші тиісті санаттағы құқықтарға ие болуы керек. Сонымен қатар, мопедтер мен скутерлердің жүргізушілеріне қозғалыс кезінде қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануына баса назар аударамыз. Жедел алдын алу іс-шаралары жалғасуда», – деді Манап Саттаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #Алматы #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Бүгін 20:36

Анатомия мен экология тоғысындағы зерттеулердің ізашары

Бүгін 19:02

Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бүгін 18:59

Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:57

ШҚО ескекшісі Азия чемпионатында үш бірдей медаль жеңіп алды

Бүгін 18:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);