Алматыда метроның желілерін салу кезінде қытайлық жетекші компаниялардың тәжірибесін пайдалана алады

Алматыда метроның желілерін салу кезінде қытайлық жетекші компаниялардың тәжірибесін пайдалана алады Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көлік инфрақұрылымының жаңа перспективалары: Бейжіңнің ірі компаниясы CRCC Алматыда метро құрылысына қатысуға дайын екендігін білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытай Халық Республикасына (ҚХР) жұмыс сапары аясында China Railway Construction Corporation (CRCC) Басқарма Төрағасы Дай Хэгэнмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар көлік инфрақұрылымы және ауқымды құрылыс жобаларын іске асыру саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Айта кетейік, CRCC әлемдегі ең ірі техника өндіруші, ең қуатты және ауқымды халықаралық құрылыс корпорацияларының бірі болып табылады. 2024 жылы CRCC корпорациясы Fortune Global-500 рейтингінде 43-ші орынға ие болды. Компания ҚХР-да теміржолдардың үштен екісін және метроның бестен үш бөлігін салды. CRCC-де 700-ден астам бірліктегі қалқаны парк бар. Құрастырмалы металл конструкция болып табылатын бұл жоғары технологиялық машиналар метро және басқа да жерасты құрылыстарды салу бойынша жұмыстарды тиімді және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. 

CRCC -тің негізгі бөлімшесі-20-шы Бюро (China Railway 20th Bureau Group Co.). 20-шы Бюрода 16 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 70 жыл ішінде бұл ұйым бүкіл әлем бойынша мыңдаған ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. 20-шы Бюроның филиалы Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

Кездесу барысында Ерболат Досаев Алматының ұзындығы 13,4 км  әрі 11 станциясы бар метро жұмыс істейтін Қазақстанның жалғыз қаласы екенін хабарлады. Қолданыстағы желілерді кеңейту және батыс және шығыс бағыттарда метроның екі тармағын салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

«Алматы үшін метрополитен желілерін салу жөніндегі жобаны қысқа мерзімде іске асыру маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, құрылыс аясында әлеуетті серіктестер тізімін қалыптастыру кезінде біз ең алдымен қытайлық компаниялардың, оның ішінде кез келген жобаларды «кілтпен» тапсыратын әрі сапалы іске асыруға сенімділік беретін CRCC корпорациясының тәжірибесі мен мүмкіндіктерін зерттедік. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады», - деп атап өтті Ерболат Досаев. 

CRCC басқарма төрағасы Дай Хэгэн ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, CRCC компаниясы Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 650 млн АҚШ долларын құрайтын бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатқанын атап өтті. 

«CRCC Қытайда жетекші орынға ие және әрқашан ынтымақтастыққа ашық. Бүгін бірнеше қытайлық компаниялар Алматыда жобаны іске асыруға қатысуды жоспарлап отыр және біз тең шарттармен бәсекелесуге ниеттіміз. Бай тәжірибенің арқасында Алматыда жобаларды сәтті жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - деді Дай Хэгэн.

Айта кетейік, Алматыда метрополитен салу мәселесі талқылау сатысында тұр.  Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

06:15

18:25

17:51

17:46

17:39

17:25

17:18

17:02

16:49

16:35

16:27

16:14

15:37

15:27

14:50

14:49

14:25

14:06

13:31

13:05

12:58

12:51

12:46

12:37

12:27