AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға ар...

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған акция өтеді

Алматы 13.04.2026, 09:36 232 Сұлу
Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған акция өтеді
Алматы әкімдігі

Алматы тұрғындары 2026 жылы 15-16 сәуір күндері өтетін пайдаланылмаған әрі жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған экологиялық акцияға қатысуға шақырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тұрғындар дәрі-дәрмектерді қаладағы емханаларда орнатылған арнайы контейнерлерге (экобокстарға) тапсыра алады.

Акцияның мақсаты — қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті заттардың топырақ пен су көздеріне таралуына жол бермеу, сондай-ақ медициналық препараттарды қауіпсіз түрде жоюды қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер арнайы лицензиясы бар ұйымдар арқылы, соның ішінде жоғары температурада өртеу әдісімен жойылуға тиіс. Оларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға немесе кәріз жүйесіне төгуге қатаң тыйым салынады. Себебі мұндай әрекеттер қоршаған ортаның ластануына және антибиотиктерге төзімділіктің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Акция аясында мынадай дәрі-дәрмектер қабылданады:

таблетка, капсула, май, крем, гель, ампула, құты, шәрбат мен сұйық ерітінді.

Ал төмендегілер қабылданбайды:

шприц, ине, система, мақта, бинт және қанмен жанасқан өзге де медициналық қалдық.

Дәрі-дәрмектерді тапсырар алдында оларды тығыз қаптамаға салып орау керек.

Қазіргі уақытта Алматыда қалалық емханаларда орнатылған 36 экобокс жұмыс істеп тұр. Акция «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Іс-шараны «Eco Almaty» ЖШС мен ECO Network экологиялық ұйымы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесе ұйымдастырады.

Акцияға қатысатын емханалардың тізімі қаланың экологиялық бастамаларының ресми парақшаларында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);