Алматыда мереке қарсаңында жас азаматтар алғашқы жеке куәліктерін алды

Алматыда мереке қарсаңында жас азаматтар алғашқы жеке куәліктерін алды Сурет: Polisia.kz

Мамыр мерекелері қарсаңында Алматы қаласының көші-қон қызметі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік мекемесі және Жетісу ауданы әкімдігімен бірлесіп, 16 жастағы қала тұрғындарына алғашқы жеке куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шара халыққа қызмет көрсету орталығында жылы, мерекелік жағдайда өтті. Жас алматылықтарды мемлекеттік органдардың өкілдері құттықтап, азаматтарды уақытылы құжаттандырудың маңыздылығын атап өтті.

— 16 жаста жеке куәлік алу - азаматтық жауапкершілік жолындағы маңызды қадам. Құжат білім алуға, медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге, жұмысқа орналасуға және қоғам өміріне қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналар мен заңды өкілдерді құжаттарын рәсімдеуді кешіктірмеуге шақырамыз. Жасөспірімдердің уақытында құжаттанбауы бірқатар қиындықтар мен шектеулерге әкелуі мүмкін, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бөлімінің бастығы Жанна Жақыпбаева.

 Шараны ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21