AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау...

Алматыда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Мұны білген жөн 15.04.2026, 11:00 207 Сұлу
Алматыда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жаңа оқу жылына құжат қабылдай бастады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның Алматы қаласындағы бөлімшесінің директоры Айнұр Ыдырысова осылай деді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қабылдау науқаны 1 сәуірде басталып, биылғы 1 маусымға дейін жалғаспақ. Магистратура мен докторантура бағдарламасына құжатты admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта тапсыра аласыз.

Спикердің айтуынша, биыл білім беру мүмкіндігінің саны артқан. 15 білім беру бағдарламасы бойынша қабылдайды, бұрын олардың саны 12 болған екен. Осы жолы оқу орны «Іскерлік әкімшілендіру (EMBA)» мен «Цифрлық мемлекеттік басқару (DDPA)» атты жаңа бағыттарды енгізіпті.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға шамамен 200 адамды, докторантураға 12 адамды алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ талапкердің функционалдық еңбек өтілін бағалау үшін арнаулы комиссия құруды да ойластырып қойдық», — деп толықтырды Айнұр Ыдырысова.

Оқудың мерзіміне де өзгеріс енгізілген. Мәселен, «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» мен «Экономика» бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстырылып, оқу екі жылға ұзартылды. «Адами ресурстарды басқару» бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» болып қайта аталып, оқу мерзімі 1,5 жылға дейін ұлғайтылған.

Талапкерге қойылатын бір талап - «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсетіндердің ағылшын тілін білетінін растайтын сертификаты болуы керек.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады, оның ішінде үміткердің кәсіби және жеке құзыретін, мемлекеттік басқару жүйесі мен заңнаманы білу деңгейін бағалауға бағытталған сараптамалық эссе жазу мен әңгімелесу де бар.

Алдын ала қабылдау нәтижелері 25 маусымда, қорытынды қабылдау 10 шілдеде жарияланады. Оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік басқару академиясы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқсан жылдыққа тарту: «Вечерний Алматы» газетінің ұжымы марапатталды

Бүгін 13:48

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);