конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мектеп салып жүрген африкалықтар елдеріне...

Алматыда мектеп салып жүрген африкалықтар елдеріне депортацияланады

Заң мен тəртіп 03.07.2023, 08:19 1,116
Алматыда мектеп салып жүрген африкалықтар елдеріне депортацияланады
Сурет: Golos-naroda.kz

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 476 сот шешімі шығарылды.


ҚР Ішкі істер министрлігі елдегі көші-қон заңнамасының сақталуын тексеріп, жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 476 сот шешімі шығарылды. Мәжбүрлі түрде 70 шетелдік еліне қайтарылды. Барлық шығарылған адамдарға 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынады», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.



Мәселен Алматы облысының полициясы Қонаев қаласында орта мектеп салу кезінде заңсыз еңбек еткен Африка елдерінің 11 азаматын анықтады. Елде болу мерзімдерін бұзған барлық шетелдік жауапкершілікке тартылды және оларды депортациялау бойынша шаралар қабылдануда.


ІІМ елімізде шетелдіктерді қабылдаушы тарапқа өздеріне келген шетелдік туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге тиіс екендігін тағы да ескертеді.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы механизм бұзылған жағдайда қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Онда жеке тұлғаларға ескерту жасалса, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК (1 АЕК - 3450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.



«Осыған байланысты, көші-қон қызметі Қазақстанда шетелдіктерді қабылдайтын адамдарға өздерінде тұратын адамдар туралы полицияға хабарлау нормаларын бұзбауға шақырады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көші-қон #заңнама бұзғандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Кеше 19:01

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Кеше 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Кеше 15:23

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Кеше 14:57

Қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталады

Кеше 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);