Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматыда мектеп бітірген түлек дауыс берді

Алматыда мектеп бітірген түлек дауыс берді

Референдум - 2022 05.06.2022, 14:56 1,124
Алматыда мектеп бітірген түлек дауыс берді
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласының сегіз ауданындағы референдум учаскелерінде саяси науқан әлі де жалғасып жатыр. Олардың арасында мектеп бітірген түлек те дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Басым көпшілігінде тұрғындар келіп, бюллетеньге белгі қойып үлгерген. Одан бөлек, Бостандық пен Алмалы ауданының тұрғындары да саяси науқаннан қалыс қалмады.


Дильназ Бөлбай – биыл ғана мектебін аяқтап, кәмелет жасқа толды. Бүгінгі жауапкершілікті ол бір кісідей сезінеді. Себебі, таңғы сағат 8:00-ден қалмай, қаладағы №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасапты.  



«Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Бұл бәріміз үшін маңызды деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Дильназ Бөлбай.



Ал, Рымғайша Бақаева – Әуезов ауданының тұрғыны. Биыл сексеннің сеңгіріне шыққан егде кісі де бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмады. Ауданда 100 референдум учаскесі орналасқан. Жалпы аудан бойынша 200 мыңға жуық тұрғын дауыс беруге құқылы.  



«Бүгін мен де келіп дауыс бердім. Мен бұл саяси науқанға қатысу борышым деп білемін», – деді қала тұрғыны Рымғайша Бақаева.



Дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған. Есту қабілеті нашар жандар үшін, материалдық техникалық база толығымен қамтамассыз етілген. Құлаққап бар, ноутбук орнында, дауыс беру процесімен танысуға мүмкіндік бар. Ал, №254 учаске Ұлттық кітапханада орналасқан. Мұндағы тізім бойынша 1739 адам таңдау жасауға құқылы. Кітапхана қызметкерлері келген тұрғындарды қазақтың күбірлеген күйімен қарсы алып жатты.



«Бүгінгі күн өте маңызды, Ата заңымызға өзгерістер енгізіліп жатырмыз. Бұл алғашқы қадам», – деді қала тұрғыны Қайыртай Шегіров.



Айта кетейік, Алматыда барлығы 574 рефендум учаскесі жұмыс істейді. Алматы еліміздегі дауыс берушілері жағынан ең көп қала. Қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың хабарлауынша 1 млн 126 мыңнан астам адам бүгін өз таңдауын жасауға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Конституция #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика