AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күнін...

Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күніне орай бейбітшілік құсы – көгершінді бейнеледі

Алматы құшағында Бүгін 10:14 40 yakiya
Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күніне орай бейбітшілік құсы – көгершінді бейнеледі

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы стадионда «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты патриоттық шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Акция аясында 6500 оқушы бір сапқа тұрып, бейбітшілік көгершінінің бейнесін жасады.

Іс-шара Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтіп, аудан мектептерінің оқушыларын бір мақсатқа жұмылдырды.

«Биіктен көз салғанда 6500 баланың бір бағытта үйлесімді әрекет етуі ерекше қалдырады. Бұл болашағымыздың берік іргетасы қаланып жатқанын көрсетеді. Бір мақсатқа жұмылған балалар мейірім мен өзара құрметтің маңызын нақты іспен дәлелдеді. Патриотизмді күштеп қалыптастыру мүмкін емес, ол жүректен туындауы керек. Бүгін әрбір қатысушы бірліктің тірі белгісін жасаушылардың біріне айналды. Бұл жай ғана флешмоб емес, бұл жас ұрпақтың халықтар достығын сақтауға деген ортақ ұстанымының көрінісі», – деді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұралиева.

Бағдарлама барысында этномәдени бірлестіктер өнер көрсетіп, түрлі халықтың биі ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты — ұлтаралық келісімді нығайтып, жастар арасында достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейбітшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әр екінші күні ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11:23

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Бүгін 11:20

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

Бүгін 11:12

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарында қола медаль алды

Бүгін 10:48

Қазақстандық оқушы Еуропаның математика олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика