Алматыда марихуана өсіретін фитозертхана анықталды

Алматыда марихуана өсіретін фитозертхана анықталды Сурет: Polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ғимаратта тыйым салынған өсімдіктер – марихуана өсірілген. Тексеру барысында 17 түп қарасора, шамамен 400 грамм дайын марихуана, оралған байламдар, электронды таразылар мен заңсыз қызметте пайдаланылған болуы мүмкін ұялы телефон тәркіленді.

 — Мұндай зертханалар аса қауіпті. Біз мұндай қылмыстық топтардың әрекетін жүйелі түрде жолын кесеміз және заң аясында есірткі қылмысымен күресуді жалғастырамыз. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Алматы полициясы, азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген күдікті деректер туралы хабарлауға шақырады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21