AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Марғұлан оқулары – 2022» конференциясы ө...

Алматыда «Марғұлан оқулары – 2022» конференциясы өтеді

Білім және ғылым 09.04.2022, 07:40 2,347 Almaty-akshamy
Алматыда «Марғұлан оқулары – 2022» конференциясы өтеді
Cурет: Ашық дереккөз

Ғалымдар өздері ашқан жаңалықтары туралы айтып, зерттеу тәжірибесімен бөліседі


2022 жылдың 12-13 сәуір аралығында Алматы қаласында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтында Қазақ ғылымының апталығына арналған дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Конференцияда 2021 жылы Қазақстан аумағында және көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері талқыланады. Көрнекті ғалымдар өздерінің ашқан жаңалықтары туралы айтып, зерттеу тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ өзекті ғылыми мәселелерді талқылайтын болады. 


Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері 2021 ж.; тас дәуірінің зерттеулері; ерте металл дәуірін зерттеудің жаңа деректері мен нәтижелері; еуразиялық мәдени кеңістігі контекстіндегі ерте көшпелілер; орта ғасыр кезеңіндегі қала мен дала; археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер; археологиялық мұраны сақтаудың, консервациялаудың және қалпына келтірудің өзекті мәселелері, далалық зерттеулердің жаңа технологиялар мен заманауи құжаттау тәсілдері.  


Барлығы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бельгия, Италия, АҚШ және Ұлыбритания ғалымдарының 100-ден астам баяндамасын жеке және қашықтан тыңдау жоспарлануда.


Конференция аясында «Қазақстанның өткенін зерттеудегі археологиялық және палеогенетикалық мәліметтерді интеграциялау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Археолог-мамандар мен генетиктер бірлескен зерттеулердің өзекті мәселелерін, ынтымақтастық бағыттарын, генетикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы және Республикадағы даму перспективаларын талқылайды. 


Жалпы, конференция ғылыми байланыстар орнату, ақпарат алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция #Марғұлан оқулары #ғалым #Архиеология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06

Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Бүгін 10:18

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:11

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Кеше 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Кеше 18:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);