AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда МӘМС есебінен жүздеген қымбат оталар жаса...

Алматыда МӘМС есебінен жүздеген қымбат оталар жасалуда

Медицина 22.02.2023, 05:14 1,140
Алматыда МӘМС есебінен жүздеген қымбат оталар жасалуда
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 1539 кардиохирургиялық операция жасалып, оған 7,1 млрд теңге төленген


Оңтүстік астанада 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 117,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының  Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.


Айтуынша, жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және тағы да басқа профильдер бойынша жүздеген операция жасалып жатыр. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион теңгеге жетіп жығылады.   



«Мысалы, 2022 жылы Алматы қаласында 1539 кардиохирургиялық операция жасалып, оған 7,1 млрд теңге төленген. Сонымен қатар, 2,7 млрд теңгеге 534 нейрохирургиялық ота жасалған. Тағы 2,2 млрд теңгені МСҚ лор-профилі бойынша жасалған 330 операцияға жұмсады», - дейді Тілеухан Әбілдаев. 



Бүгінде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артып отыр. 2022 жылы  алматылық травматологтар осындай  4 270-тен астам операция жасады. Оған МСҚ 5,6 млрд теңге төледі, дейді филиал басшысы.


Сонымен қатар жалпы құны 476 млн теңгеден асатын 64 трансплантация жасалған, оның ішінде 27 бүйрек-бауыр алмастыру операциясы да бар. 



«Бір қарағанда, мұның бәрі жай ғана цифр болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, олар осынша қызметті тегін пайдаланып отыр», - деп қорытты Тілеухан Әбілдаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);