AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Алматыда магистральдық құбыр ауыстырылады

Алматыда магистральдық құбыр ауыстырылады

Кітап - көңіл кілті 25.05.2024, 11:35 1,533
Алматыда магистральдық құбыр ауыстырылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданында 80-жылдардың басында салынған магистральдық құбыр ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-2 шағынауданында жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2,1 шақырым магистральдық құбырларды ауыстыруды қамтиды. Бұл жұмыстар 2022 жылы басталып, 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.

Жоба аясында 80-жылдардың басында салынған, соңғы 10 жылда 36 мәрте зақымдалған магистральдық құбырлар жаңартылатын болады. Бұл құбырлар Айнабұлақ-2 шағынауданынан Павлодар көшесіне дейін, Жұмабаев және Мақатаев көшелеріне дейінгі аумақты қамтиды. Жаңарту жұмыстары нәтижесінде 344 көппәтерлі тұрғын үй, 11 мектеп, 3 денсаулық сақтау мекемесі және 483 басқа да объект жылумен үздіксіз және сапалы қамтамасыз етіледі.

Жетісу ауданындағы тұрмыс сапасын сақтау мақсатында, мердігер уақытша құбыр орнату арқылы жергілікті халыққа ыстық су ұсынады. Жылу трассасын реконструкциялаудың соңғы кезеңінде, Айнабұлақ-2 шағынауданындағы 32А үйден Жұмабаев көшесіне дейінгі аллея бойынша жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша өзгереді. Аллеяның орталық бөлігінің екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол ашық болады. Қоршау орнату жұмыстары 26 мамырда басталады.

Жобада балалар мен спорт алаңдарын қоса алғанда, бұрын орналасқан шағын инфрақұрылымы бар жол төсемі мен жаяу жүргіншілер аллеясын қалпына келтіру көзделген.

"САПА Құрылыс 2007" ЖШС мердігерлік ұйымы Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 5,9 км желіні қайта жаңарту жұмыстарын атқарады. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы ұзындығы 20 км болатын 23 жылу желілерінің объектілерін қайта жаңарту жүргізіледі, бұл желілердің тозу пайызын 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

«Алматы жылу желілері» ЖШС

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жылу құбыры #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46

Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Бүгін 13:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика