AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда мәдениеттер үндестігін үйлестірген біреге...

Алматыда мәдениеттер үндестігін үйлестірген бірегей көрме ашылды

Не? Қайда? Қашан? 01.08.2025, 10:23 1,219
Алматыда мәдениеттер үндестігін үйлестірген бірегей көрме ашылды
aqshamnews.kz

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Этноәлем: Бір шаңырақ астында» атты көрме өз жұмысын бас­тады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Африкалық этно- мәдени орталықпен» бірлесіп ұйымдасты­рылған бұл көрменің басты мақсаты – Қа­зақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностардың бай мәдени мұрасын кеңінен таныстырып, этносаралық келісім мен өзара құрметті нығайту. Іс-шара қоғамда­ғы бейбітшілік пен татулықты дәріптей отырып, келушілерге әр этностың болмы­сын, тұрмыс-тіршілігін, өнері мен дәстүр­лерін тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Көрмеде африка халықтарының музы­калық аспаптары, ұлттық киімдері, тұрмыс­тық бұйымдары мен қолөнер туындылары ұсынылған. Африка халқының мәдениеті мен тарихына арналған бөлім көрермен­дер тарапынан ерекше қызығушылық ту­дырып отыр. Бұл бөлімде африкалық му­зыкалық аспаптар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және этникалық нышан­дар көпшілік назарына ұсынылған. Келуші­лер үшін бұл көрме – тек мәдени танысу алаңы ғана емес, сонымен бірге ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды платформа.

Көрме қонақтары ашылу салтанатын­да Африка халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен кеңінен танысты. Әсіресе, африкалық джембе барабаны ерекше қызығушылық тудырды. Іс-шара бары­сында ұлттық өнердің тоғысуын бейне­лейтін музыкалық қойылым ұйымдасты­рылып, онда африкалық джембенің үні мен қазақтың төл аспабы – домбыраның күмбірі үйлесім тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл ерекше музыкалық синтез – тек өнердің шекарасы болмайтынын ғана емес, мәдениеттердің үндестігін де айқын көрсетті. Домбыра мен джембе үні арқылы түрлі халықтар­дың бір шаңырақ астындағы татулығы мен рухани жақындығы айқын сезілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі тұрақтылық пен бірліктің символына ай­налған бірегей құрылым. Осы орайда қолға алынған «Этноәлем: Бір шаңырақ астында» көрмесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірегейлікті дамыту жолын­дағы игі бастамалардың бірі болып отыр.

Көрме 2025 жылдың 12 тамызына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #музей #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15

3 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 10:08

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика