AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы...

Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді

Заң мен тəртіп 21.03.2026, 10:30 252 dulatbekova
Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді
Сурет: ҚМА

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Күдіктілерге лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және пара алу фактілері бойынша айып тағылып отыр.

Аталған орталық азаматтардың табысы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік деректер базасының операторы болып табылады. Бұл мәліметтер кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалауда аса маңызды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2020 жылы орталықтың бұрынғы басшысы Д. Аргандыков «Бірінші кредиттік бюроның» жетекшісі Р. Омаровпен заңсыз келісімге келген. Соның нәтижесінде аталған бюро бұрынғы 30% орнына 35% табыс алып, артықшылыққа ие болған, ал орталықтың үлесі 70%-дан 65%-ға дейін қысқарған.

2025 жылы орталық басшылығына А. Сарбасов келгеннен кейін де бұл теңсіз шарттар өзгеріссіз сақталған. Сонымен қатар, «Бірінші кредиттік бюроға» сұраныстарды жылдам өңдейтін арнайы жүйе орнатылып, ал «Мемлекеттік кредиттік бюро» үшін керісінше, процесті баяулататын бағдарламалық кедергілер енгізілгені анықталған.

Осының салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Бұдан бөлек, 2025 жылдың маусым айында күдіктілердің Сарбасовқа 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы бергені белгілі болды. Бұл қаражат заңсыз табыс схемасын сақтап қалуға бағытталған.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалар қамауға алынып, сот шешімімен олардың 1 млрд теңгеден астам мүлкі мен бағалы қағаздарына тыйым салынды. Іс материалдары тараптарға танысу үшін жолданды, ал өзге ақпараттар заң талаптарына сәйкес жарияланбайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #әшкерелеу #схема әшкерелеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);