AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 21 шетел азаматы...

Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 21 шетел азаматы елден шығарылды

Барлығы 30.01.2026, 17:50 187
Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 21 шетел азаматы елден шығарылды
Сурет: Polisia.kz

Алмалы ауданында 27-29 қаңтар аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұндай аудандық тексерулер жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен қаланың барлық ауданын қамтиды. Бұған дейін осындай іс-шаралар мегаполистің өзге де аудандарында, оның ішінде Медеу ауданында ұйымдастырылды. Алмалы ауданында өткен үш күндік іс-шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының 141 бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде 21 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, тағы 25 адам жеке басын анықтау және әрі қарайғы қарау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Тексеру нәтижесінде шетел азаматтарының елде болу тәртібін бұзуы, заңсыз еңбек қызметімен айналысуы, сондай-ақ шетелдіктердің елде заңды болуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптың жауапкершілігіне қатысты деректер анықталды. Бұдан бөлек, тіркеусіз және құжатсыз тұру жағдайлары тіркелді. Атап айтқанда, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтарының тобы анықталды. Жеке басы анықталғаннан кейін олар жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды. Қазіргі уақытта аталған тұлғаларды жұмысқа тартқан жұмыс берушіні жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Сонымен қатар іс-шара аясында алименттік міндеттемелерді орындаудан жалтарып жүрген азаматтар да анықталды. 

– Аудандық жедел-профилактикалық тексерулер — жоспарлы әрі кезең-кезеңімен жүргізілетін жүйелі жұмыс. Біз қаланың аудандарын біртіндеп қамтып, көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтаймыз және шетел азаматтары мен қабылдаушы тараптың әрекеттеріне құқықтық баға береміз. Негізгі мақсат — тәртіп орнату және алдын алу, бұл біржолғы шаралар емес, — деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көші-қон тәртібін бұзғандар #шетелдік азамат #елден шығару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика