AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көшедегі адамдарды пышақпен қорқытып, то...

Алматыда көшедегі адамдарды пышақпен қорқытып, тонауды әдет қылған топ ұсталды

Заң мен тəртіп 28.07.2022, 04:38 1,662
Алматыда көшедегі адамдарды пышақпен қорқытып,  тонауды әдет қылған топ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қалада пышақпен қаруланған жастар тобы өтіп бара жатқан адамдарды тонаған.


Медеу ауданының полиция қызметкерлері сериялық тонау дерегін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



"ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдік бойынша 17 жастағы Д., Ж., Н. және 19 жастағы Б. есімді азаматтар ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған. Бір қызығы, бұл “квартет” саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған адамдар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады", –  деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.



Қазіргі уақытта ұсталғандардың жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ал аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары Медеу аудандық ПБ-ға келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 8-702-476-66-60.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пышақпен қаруланған #жастар #тонау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);