AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық ба...

Алматыда «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтеді

Алматы Кеше 10:59 15
Алматыда «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтеді
Алматы әкімдігі

Байқау онлайн форматта үш кезең бойынша өткізіледІ, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында мемлекеттік тілде жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерін әзірлейтін копирайтерлер мен аудармашылар арасында «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтеді.

Байқау Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – жарнама және көрнекі ақпарат саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тіліндегі мәтіндердің сауаттылығы мен көркемдік сапасын арттыру, кәсіби копирайтерлер мен аудармашылардың шығармашылық еңбегін қолдау және үздік тәжірибелерін насихаттау.

Байқауға Алматы қаласында тіркелген немесе қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілерінің, жарнама агенттіктерінің, мекемелер мен ұйымдардың копирайтерлері және аудармашылары қатыса алады.

Байқауға бұрын жарияланбаған немесе өзге байқауларда жүлделі орын алмаған авторлық жұмыстар, жарнамалық және көрнекі ақпарат мәтіндері, оның ішінде маңдайшалар, баннерлер, билбордтар, ақпараттық тақталар, баспа, бейне және аудиожарнама, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға арналған жарнама үлгілері қабылданады.

Байқау онлайн форматта үш кезең бойынша өткізіледі:

1. Бірінші кезең – өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдау, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.

2. Екінші кезең – жұмыстарды сараптау және бағалау. Ұсынылған мәтіндердің тілдік сауаттылығы, мазмұны, көркемдік сапасы мен шығармашылық ерекшелігі бағаланады.

3. Үшінші кезең – қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау. Қазылар алқасының шешімі негізінде үздік жұмыстар анықталады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында өткізілген конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде дипломдармен мен ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 24 қарашаға дейін.

Марапаттау рәсімі өтетін күні: 2026 жылғы 9 желтоқсан

Марапаттау рәсімі өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, акт залы.

Электрондық пошта: kazqogamyalmaty@gmail.com

Байланыс телефоны: +7 701 664 2721.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін 19:38

Қазақстан Халық Кеңесі Павлодарда кәсіподақтармен кездесу өткізді

Бүгін 19:33

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Бүгін 19:15

Мақта, жылыжай, жергілікті өндіріске арналған өнеркәсіп паркі: Серік Жұманғарин Түркістан облысы өндірушілерінің жұмысымен танысты

Бүгін 17:45

«Заң мен тәртіп»: Алматы колледждерінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);