Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда Korkut Sound жəне жаңа музыкалық биеннале...

Алматыда Korkut Sound жəне жаңа музыкалық биеннале өтуде

Алматылықтардың алданышы 27.10.2022, 08:37 720
Алматыда Korkut Sound жəне жаңа музыкалық биеннале  өтуде
Сурет: Gmirk.kz

Алматыда «Целинный» заманауи мəдениет орталығының ұйымдастыруымен Korkut Sound жəне жаңа музыкалық биеннале өтіп жатыр. 


Оның бағдарламасына  қазақстандық жəне шетелдік  артистердің қатысуымен үш концерт, site-specific бес аудиовизуалды инсталляция мен халықаралық суретшілердің көрмесі кірген. Кезекті концертті алматылықтар  Халық музыкалық аспаптары музейінде тамашалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Айта кетейік, «Целинный» орталығы еліміздегі заманауи мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған алғашқы жекеменшік институция. Биеннале Қазақстанның бірегейлігі мен мəдениетінің маңызды бөлігі. Ол дыбыс пен музыкаға деген қызығушылықты арттырады. Қорқыт ата арқылы қазақтың болмысын көрсетеді. Бұл елімізде дыбыс өнеріне қатысты  осындай ауқымдағы бірінші шара. 



«Korkut sound концертінде өнер көрсететіндердің қатарында Дария Нұртаза, Әділ Құмарна, Хуншо Фан сияқты музыканттар бар.  Мәселен, Дария өзінің шығармасын Қорқыт мемориалына барып жазған. Онда сайын даланың, желдің дыбысын естуге болады. Электронды музыкамен керемет үйлеседі», - дейді  "Целинный" заманауи мәдениет орталығының директоры Жәмилә Нұркалиева.



Өнерде заманауи әдістерді енгізе отырып, музыканы осылай әрлеуге болады. Бұл қазіргі уақыт талабы. Біз жасанды интеллект мүмкіндігін  қолданып жатырмыз, дейді домбырашы Дәулет Жаншин.



«Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес енді. Жасанды интеллектпен музыка ойнау, музыка шығару сол сәтте оңай сәт демес деп ойлаймын. Мысалы, мен 5-6 секунд музыка шығарам. Сол менің музыкамды ойнаған. Жасанды интеллект ары қарай дамытып, өзінің импровизациясын қосады. Одан кейін мен сол музыканың сол интеллектінің музыкасын дамыту керек болам. Солай- солай кете береді», - дейді домбырашы Дәулет Жаншин. 



Korkut дыбыс өнері жəне жаңа музыкалық биеннале шара аясында сурет пен музыкалық аспаптар көрмесі де өтіп жатыр. Инсталляцияны ботаникалық бақтан, орталық көрме залынан және халық музыкалық аспаптар музейінен тамашалауға болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Korkut Sound #биеннале #Музыка #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Бүгін 16:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика