Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда колледждерге 52 млрд теңге бөлінді 

Алматыда колледждерге 52 млрд теңге бөлінді 

Барлығы 21.08.2025, 16:13 505
Алматыда колледждерге 52 млрд теңге бөлінді 
Колледж ұсынған сурет

Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазақстанда жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылында осы мәселеге көп көңіл бөлінді. Бүгіндері қалалық ТжКБ желісіне 88 колледж кіреді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік те, 66-сы жекеменшік. Онда 85 544 адамның 46 838-і мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов осылай деп мәлімдеді.

2025-2026 оқу жылына мемлекеттік грантқа 18 мыңнан астам өтініш түскен. Талапкерлерді тамыз айының соңына дейін қабылдайды. Қазір мамандар 131 мамандық, 220 біліктілік бойынша білім алып жатыр.

Биыл колледждерді жаңғырту жағы да күшейтілді. «Жас маман» жобасы аясында 18 оқу орны құрал-жабдықпен жабдықталды.  Бұған 4,2 млрд теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, биыл жөндеу жұмысына 2,4 млрд теңге бөлінді. Оның 170 млн теңгесі алты колледждің материалдық базасын жаңартуға жұмсалды.

Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір қалада бірқатар жаңа жоба қолға алынған. Соның ішіндегі ең үлкені - Алматы көлік және механика колледжінің жаңа ғимараты. Ол 1050 студентке есептелген, ішінде 120 орындық жатақхана болады. Тағы бір колледжде бөлек, тағы бір колледжде 300 орындық қосымша ғимарат салынады. Оларды қараша айының соңына қарай қолданысқа беру жоспарланған. 

Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында инновациялық техникалық колледж салу басталып кетті. Жоба аясында оқу корпусы, жатақхана, шеберханалар, спорт және демалыс алаңдары, толық инфрақұрылым салу көзделген. Құрылысы 2026 жылдың ақпанына таман аяқталмақ. 

Қалалық ТжКБ жүйесіне бөлінген бюджет – 52,1 млрд теңге. Оның 679 млн теңгесі тәлімгерлік бағдарламаларды дамытуға, WorldSkills чемпионатын өткізуге, жатақхана күтімі мен колледждерді қаржылай қолдауға бағытталды. 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жасалып жатқан іс-шаралар жастарға жаңа мүмкіндік ұсынып, еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға жол ашып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #ақша #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика