AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көлікті мас күйінде жүргізіп, жол ережесі...

Алматыда көлікті мас күйінде жүргізіп, жол ережесін бұзған шетелдік Польшадан экстрадицияланды

Заң мен тəртіп 23.08.2024, 13:12 1,641 dulatbekova
Алматыда көлікті мас күйінде жүргізіп, жол ережесін бұзған шетелдік Польшадан экстрадицияланды
Сурет: Egemen.kz

Күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алдырған. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен, нәтижесінде басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.  

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Польшада ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Айта кету керек, Польша Республикасымен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, күдіктіні экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Польша Әділет министрлігінің арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Польша тарабынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экстрадиция #күдікті #қылмыстық жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);