AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күнд...

Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады

Хабарлама 06.03.2026, 15:07 362 dulatbekova
Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген 315 фермер мен тауар өндіруші көктемнің алғашқы демалыс күндері жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімін ұсынады.

Өнімдер 7 және 8 наурызда сатылымға шығарылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жәрмеңкелерде өнімнің мыңнан астам түрі сатылады. Ассортиментте көкөніс пен жеміс, ет, құс еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея тауарлары, бал, өсімдік майы және басқа да азық-түлік түрлері бар.

Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы белгілеген қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

Делдалдардың болмауы өндірушілерге өнімдерін нарық бағасынан орта есеппен 10-15% төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін төрт ауданда демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізеді:

* Алмалы ауданы — Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысы

* Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы

* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы

* Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы

Биыл жәрмеңкелерді барлық ауданда тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жаңа алаңдарға Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандары да қосылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімді бағамен сатылуын және қала аумағы бойынша біркелкі таралуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, Бостандық және Әуезов ауданындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл шаруашылық өнімдері #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);