Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кітаптарды тегін жеткізу қызметі іске қос...

Алматыда кітаптарды тегін жеткізу қызметі іске қосылды

Әлеумет 13.03.2025, 16:12 732
Алматыда кітаптарды тегін жеткізу қызметі іске қосылды
Фото: Яндекс Go баспасөз қызметі

Алматы қаласының тұрғындары үшін кітап оқу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітаптарды тегін жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Қазіргі уақытта жобаға 28 кітапхана қатысуда, ал тапсырыс беру процесі онлайн жүзеге асырылады. Оқырман Алматы кітапханаларының сайтынан қалаған кітабын таңдап, арнайы анкетаны толтырып, мүмкіндігі шектеулі екенін растайтын құжатты тіркеуі керек. Тапсырыс 1–2 күн ішінде өңделіп, оқырманның үйіне Яндекс Go сервисі арқылы жеткізіледі.

Алматы кітапханаларының директоры Мейрам Бектембаевтың айтуынша, бұл бастама қаланың кітап қорының қолжетімділігін арттырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапхана қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

"Қазіргі кезеңде бұл қызметті тек мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін ұсынып отырмыз. Жаз айларына қарай барлық қала тұрғындарына қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырамыз, бірақ бұл жағдайда жеткізу ақылы болады", – деді Бектембаев.

Yandex Qazaqstan компаниясы да жобаны қолдап, оның басты мақсаты – адамдардың өмірін жеңілдету екенін атап өтті.

"Біз цифрлық қызметтерді дамытамыз, бірақ басты назарымыз – адамдар мен олардың қажеттіліктері. Егер осы қызмет арқылы кітаптарды қолжетімді ете алсақ, онда бұл біздің басты мақсаттарымыздың бірі – технологиялар арқылы адамдардың өмірін жақсарту екенін көрсетеді", – деді Яндекс Go Доставка сервисінің жетекшісі Ержан Базарбай.

Пилоттық жоба 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін жалғасады. Егер бастама сұранысқа ие болса, оны басқа санаттағы азаматтарға да кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітіп #Оқырман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика