Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда кешке Alash Pride FC 96 турнирі басталады

Алматыда кешке Alash Pride FC 96 турнирі басталады

Спорт 02.05.2024, 08:47 1,186
Алматыда кешке Alash Pride FC 96 турнирі басталады
Сурет: Alash Pride

Ол Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Бұл айтулы һәм дәстүрлі жарыстың құрметті қонағы - Федор Емельяненко.


Әлемге «соңғы император» деген лақап атпен таныс болған даңқты спорты «Алаш Прайдтың» негізін қалаған Данияр Қасқарауовтың шақыртуымен келгені белгілі. Әлбетте үлкен жарыстарға шақырылатын қонақтар болады. Олар келетін елінің спорттық әлеуетін, ұйымдастырушылардың аты мен сойын, шеберлігі мен дәрежесін де бағамдайды. Сол себепті жарыстың да салмағы, деңгейі арта түседі.



Сурет: sportplustv.kz


Осыған дейін де дүбірлі додалар ұйымдастырған Мәжіліс депутаты еліміздегі спорт саласын, оның ішінде жекпе-жек түрлерін дамытуға ерекше үлес қосып жүр. Осылайша қазақтың даңқын дүниежүзіне танытуға, ел спортының еңсесін көтеруге күш-жүгерін жұмсап, халқымыздың спорттық абыройын оң ықпал етіп келеді. Өйткені бұған дейін де республикалық, халықаралық жарыстардың жалауын желбіретіп, мықты жігіттердің танылуына, шет елдерде бақ сынауына септігін тигізген. Ең бастысы осы шараларға мемлекеттін қаржы бөлінбейді. Керісінше беделдің артуына, туристер тартуына, айтулы додалардың өтуіне жол ашады. Жақсының жақсылығын айтпай кетуге болмас. Күрескер тек қана ринг пен тотамиде емес, халық ісіне де етене араласатыны анық. Кешегі Мұстафа Өзтүрік, бүгінгі аға буын Дәулет Тұрлыхановтар сынды Данияр Алдабергенұлы да өзінің кәсіби жұмысынан бөлек, ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайының да жақсарғанын қалайды.


Алматы аймағынан сайланған халық қалаулысы қаланың төңірегінде орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін, ауыз су, жол мен газға байланысты түйткілдерін биік мінберлерден көтеріп, олардың оң шешілуіне әрдайым ұйытқы болып жүр. Жақында ғана тұтас мемлекетті әбігерге түсірген су тасқыны кезінде де Атырау облысына, оның ішінде көп зардап шеккен Құлсары елді мекеніне арнайы барып қайтты. Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен кезеңде, қол қусырып қалған жан баласы жоқ. Кішкентай бала, еңкейген кәріге дейін сын сағатта тізе біріктірді. Жұдырықтай жұмылған тұрғындарға жан-жақты қолдау жасалды. Осы қиын кезеңде білек сыбанып жұмыс атқарғандар қатарында да «Alash Pride» басшылары бастап, ҚҰ Дүнгендер Халық бірлігі, Масаншы жастары да бар болатын. Олар Құлсарыға арнайы барып, жағдайды көзбен көрді. Жүз тонна гуманитарлдық көмектерін апарып, жұртқа теңдей бөліп берген. Алматыдан аспаздар апарып, топан сумен күрескен Құлсарылық ағайынға дастархан жайып, ірі қара мал жығып, ас берді. Одан келе салып Alash Pride FC 96 турнирінің ұйымдастыру шараларын бастап кетті. Бұл атқарылып жатқан істің бір ширегі ғана. Алдағы жоспарлар да ауқымды.



Сурет: Aikyn.kz


Сондықтан ел ісіне араласып, мемлекеттік мүдде жолында тер төгіп жүрген азаматтардың абыройының асқақтай түсуі халық үшін де маңызын жоймайды.  


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аlash Pride FC 96 #жарыс #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика