AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмы...

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ қолға түсті

Заң мен тəртіп 03.08.2022, 10:19 1,935
Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ қолға түсті
Сурет: Egemen.kz

Қылмыстық топ  өздерін бақылаушы органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған.


Алматы қалалық прокуратураның мобильдік тобына «Нұр-Сұлтан Пром безопасность» ЖШС жұмыскерлері өздерін төтенше жағдай органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған біреулер айыппұл салу және тексеру жүргізумен қорқыта отырып, кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік қызметтері үшін төлем жүргізуге мәжбүр еткендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бұл ретте елімізде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 2023 жылға дейін мораторий қолданылатыны белгілі. Алаяқтар сөздерінің растығы мен дәлелі ретінде мазмұны жағынан мемлекеттік органдардың куәліктеріне ұқсас қызыл түсті қызметтік куәліктерін көрсеткен. Қадағалау органы алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық етті»,- делінеді прокуратура хабарламасында.



Тергеу барысында Алматы қаласының Наурызбай мен Әуезов аудандарында 24 кәсіпкер жәбірленуші болғаны анықталды. Сондай-ақ, тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыс жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылы туған екі адам ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Кейін 1995 жылы туған компания директоры орынбасарының да қатысы бары анықталды. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы негізінде, яғни, адамдар тобында бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша айып тағылды. Аталған қылмыс үшін жаза мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.



«Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қарау үшін қылмыстық істі сотқа жолдады. Мұндай заңсыз іс-әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіріп, оларға нұқсан келтіреді. Алматы қаласының прокуратурасы бизнес субъектілеріне +7-701-775-55-00 номеріне жүгінуге болатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың тұрақты жұмысы туралы тағы да еске салады», - деп хабарлады қалалық прокуратурада.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақша бопсалау #Қылмыстық топ #кәсіпкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);