конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамд...

Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді

Алматы Бүгін 10:19 31
Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл өзгеріс 2026 жылы 14 тамыз сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін қолданылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

14 тамызда Алматыда Орталық стадионда Канье Уэстің музыкалық концерті өтуіне байланысты бірқатар автобус пен троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы қаланың Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңында автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Атап айтсақ, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінде – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Шектеу кезеңінде қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224 автобус бағыттары және №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25 троллейбус бағыттары.

Автобус бағыттарының өзгертілген қозғалыс сызбалары

№3

Батыс бағытта: Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Шевченко көшесі – Мұқанов көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№18

Оңтүстік бағытта: Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Байзақов көшесі — Сәтбаев көшесі — Манас көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Байзақов көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Байтұрсынов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№21

Батыс бағытта: Сәтбаев көшесі — Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі.

Кері бағытта: Желтоқсан көшесі — Сәтбаев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№25

Батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Байтұрсынов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№30

Батыс бағытта: Сейфуллин даңғылы — Тимирязев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Тимирязев көшесі — Желтоқсан көшесі — Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№34

Батыс бағытта: Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Сейфуллин даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№44

Шығыс бағытта: Жандосов көшесі — Мұқанов көшесі — Шевченко көшесі.

Кері бағытта: Шевченко көшесі — Манас көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№57

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№62

Батыс бағытта: Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Манас көшесі — Жандосов көшесі — «№12 қалалық аурухана» соңғы аялдамасы.

Кері бағытта: «№12 қалалық аурухана» соңғы аялдамасы — Жандосов көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Сейфуллин даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№65

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№66

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Жандосов көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№79

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі — Тимирязев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Тимирязев көшесі — Желтоқсан көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№90

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№92

Батыс бағытта: Желтоқсан көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№95

Батыс бағытта: Сәтбаев көшесі — Желтоқсан көшесі — Тимирязев көшесі — Байзақов көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Жандосов көшесі — Манас көшесі — Тимирязев көшесі — Желтоқсан көшесі — Сәтбаев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№98

Батыс бағытта: Абылай хан көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Жандосов көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Абылай хан көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№118

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№120/120А

№120 батыс бағытта: Достық көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№120А кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Достық көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№121

Батыс бағытта: Сәтбаев көшесі — Желтоқсан көшесі — Тимирязев көшесі — Байзақов көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Жандосов көшесі — Манас көшесі — Тимирязев көшесі — Желтоқсан көшесі — Сәтбаев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№128

Батыс бағытта: Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Абай даңғылы — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі — Масанчи көшесі — Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№130

Батыс бағытта: Шашкин көшесі — Тимирязев көшесі — Байзақов көшесі — Бұқар жырау көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Кері бағытта: Бұқар жырау көшесі — Манас көшесі — Тимирязев көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№209

Батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі.

Кері бағытта: Жамбыл көшесі — Байтұрсынов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№210

Батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі.

Кері бағытта: Жамбыл көшесі — Байтұрсынов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№211

Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы — Желтоқсан көшесі.

Кері бағытта: Желтоқсан көшесі — Сәтбаев көшесі — Сейфуллин даңғылы — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

№224

Батыс бағытта: Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесі — Мұқанов көшесі — Жамбыл көшесі.

Кері бағытта: Жамбыл көшесі — Байтұрсынов көшесі — әрі қарай белгіленген сызба бойынша.

Троллейбус бағыттарының өзгертілген қозғалыс сызбалары

№ТП5

Тура бағытта: Абай даңғылы — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Абылай хан даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

Кері бағытта: Абылай хан даңғылы — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

№ТП6

Тура бағытта: Жандосов көшесі — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Абылай хан даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

Кері бағытта: Алматы-2 — Абылай хан даңғылы — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Сәтбаев көшесі — әрі қарай бағыт бойынша.

№ТП7

Тура бағытта: Тимирязев көшесі — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Сейфуллин даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

Кері бағытта: Сейфуллин даңғылы — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Ғабдуллин көшесі — Манас көшесі — Тимирязев көшесі.

№ТП9

Тура бағытта: Тимирязев көшесі — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Қалдаяқов көшесі — Жібек жолы даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

Кері бағытта: Жібек жолы даңғылы — Пушкин көшесі — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Тимирязев көшесі — әрі қарай бағыт бойынша.

№ТП19

Тура бағытта: Абай даңғылы — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Қалдаяқов көшесі — Жібек жолы даңғылы.

Кері бағытта: Жібек жолы даңғылы — Пушкин көшесі — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

№ТП25

Тура бағытта: Абай даңғылы — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Орталық мәдениет және демалыс саябағы.

Кері бағытта: Орталық мәдениет және демалыс саябағы — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай бағыт бойынша.

Бұл өзгеріс 2026 жылы 14 тамыз сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін қолданылады.

Қоғамдық көлік жолаушыларынан сапарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбаларындағы уақытша өзгерісті және жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт #автобус маршруттары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 10:59

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

Бүгін 10:51

Freedom Holding Corp. 2027 фискалдық жылының І тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялады

Бүгін 10:43

ҚР ДСМ сенімді шетелдік клиникалардың тізімін ұсынды

Бүгін 10:10

Нұрлан Әбдіров Маңғыстаудағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты

Бүгін 09:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);