AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бі...

Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан

Оқиға 08.01.2025, 17:41 1,102 yakiya
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Элеонора Якия

Анасымен бірге тамақтануға барған бала паста жеген.

Алматылық дизайнер Рока 4 жастағы ұлымен кафеге барып, паста алған. Бірақ баласы балықтың қылтығын жұтып қойып, ауруханадан бір-ақ шығыпты. Бұл оқиға туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бала ақсерке балығы қосылған фетучини пастасын таңдапты. Бірақ жей бастағанда бірден мамалап, "тамағымда бірдеңе тұр" деп шағымданған. Анасы алғашқыда су беріп, кететін шығар деп ойлаған. 5 минуттан соң да кетпегесін, анасы ұлының шағымына бейжай қарамай, кафе әкімшілігінен жедел жәрдем шақыруын өтінген.

"Мейрамхана әкімшілігіне қазір төтенше жағдай болып тұрғанын түсіндіріп айттым. Сонымен жедел жәрдем келді де, бізді №2 ауруханаға апарды. Ол жерде баламды хирург қарады да, "ештеңе жоқ, бас сүйек хирургиясы бөліміне барып көріңіздер" деді. Ал бас сүйек хирургиясындағы дәрігер аппаратымен үлкейтіп тұрып баламның тамағында балықтың қылтығы тұрғанын көрді. Жақсы маманға тап болдық, балама өте жақсы қарым-қатынас жасап, келісіп отырып қылтықты тез шығарып берді. Осы аралықта телефоным полиция басқармасының қоңырауынан жарылып жатты. Себебі жедел жәрдем шақырғанда ақпарат полицияға да түскен", – деп баяндады ол болған оқиғаны.

Рока есімді дизайнер бұл оқиға туралы Threads желісіне жазды. Ол бұл оқиғадан шу шығаруды мақсат етпейтінін атап өтті.

"Бұл оқиғадан қандай да бір пайда көрейін деп отырған жоқпын. Мейрамхана әкімшілігінен де болған оқиғаның шығынын талап етпеймін. Менің ойымша, қандай жағдайда да адам болып қалу керек және мейрамхана әдейі жасамағанын түсіну керек. Әкімшілік артымыздан ауруханаға барды, бізді көлігіміз тұрған жерге жеткізіп салды. Сонымен қатар үйге барып, алаңсыз тамақтануымыз үшін тамақ салып берді. Қамқорлықтарын көрсетті. Менің бір қуанғаным – баламның шағымына бейжай қарамай, жедел әрекет еткенім", -деп бөлісті ана.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кафе #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);