AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда кафе мен караокеде санитарлық нормалар әл...

Алматыда кафе мен караокеде санитарлық нормалар әлі де сақталмай тұр

Медицина 03.06.2021, 08:53 2,332
Алматыда кафе мен караокеде санитарлық нормалар әлі де сақталмай тұр
Сурет:liter.kz

Жалпы, биыл карантинді бұзғандарға қатысты 4409 хаттама толтырылды. Оның ішінде 402 хаттама заңды тұлғаларға, 4007-сі жеке тұлғаға арналды.


Алматының мобильді топтары күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Маусымның 1-нен 2-не қараған түні белгіленген шектеулерді бұзған 4 жағдай анықталды. Мониторингтік топ  өкілдері "Табыс" кафесі мен "Cinema Оскар" караокесінде орын алған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлады Almaty-akkshamy.kz.


Айта кетсек, оңтүстік астанада заң бұзушылықтарды анықтау үшін күн сайын 40 мониторингтік топ санитарлық және карантин нормаларының сақталуын тексереді.


Әуезов ауданының мониторингтік тобының өкілдері түнгі сағат 02.00-де жұмыс істеп тұрған Ақсай-4 ықшамауданындағы "Сinema Оскар"-дағы жағдайды мәлімдеді. 


Олардың айтуынша, аталған караоке мекемесі заңды бірнеше рет бұзған. Бұған дейін залдағы адам санының көптігі мен маска тағылмағаны үшін айыппұл төлеген. Енді жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте аталған нысанға Ashyq жобасы бойынша жұмысқа рұқсат берілді. Алайда, әкімшілік қосымшаның мүмкіндіктерін пайдаланбайды. Сондықтан бұл мекемені жоба аясында жұмыс істеу құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді.


Сол түні караокеде барлығы 20-ға жуық адам болды. Олардың әрқайсысымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Сол түні Алатау ауданының бақылау тобы "Табыс" кафесінде бетпердесіз жүрген қызметкерлерді анықтады.


Жыл басынан бері тексерушілер 23 мыңнан астам нысанды тексерді. Онда 2200-ден астам карантин шараларын бұзған жағдайлар анықталды. Қасақана бұзушыларға қатысты 74 материал сотқа жолданса, оның 54-і бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.


Жалпы, биыл карантинді бұзғандарға қатысты 4409 хаттама толтырылды. Оның ішінде 402 хаттама заңды тұлғаларға, 4007-сі жеке тұлғаға арналды.


Халықты тағы да карантин режимін қатаң сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын жерден аулақ болуға, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#kovid #almaty #karantin
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);