Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ЖРВИ-мен ауырғандардың 72 пайызы балалар

Алматыда ЖРВИ-мен ауырғандардың 72 пайызы балалар

Медицина 17.05.2022, 11:18 1,295
Алматыда ЖРВИ-мен ауырғандардың 72 пайызы балалар
Сурет: Fantasyclinic.ru

14 жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркелді.


Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекцияны (ЖРВИ) балалар көп жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


 Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бергі 19 аптасында қалада ЖРВИ-дің 2 384 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 32,7%-ға төмен. Дегенмен, қалада ЖРВИ-мен ауыру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркелді. Олардың үлес салмағы 72,0%-ды құрады. 



«Өткен жылдың 1 қазанынан биылғы 11 мамырға дейін барлығы 192 890 ЖРВИ дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға жоғары. Балалардың аурушаңдығы 59,2%-ды көрсетті. Сондай-ақ, ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы, басқа да ЖРВИ вирустары жүр. Мысалы, РС вирусы, аденовирус, риновирус және маусымдық коронавирус айналымда. Жалпы тұмаумен сырқаттанудың 51 жағдайы тіркеліп, барлық науқастар ем алды», - делінеді ведомство хабарламасында. 



Осыған байланысты, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын ЖРВИ, тұмауға қарсы алдын алудың жалпы шараларын сақтауға шақырды. 



«ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз, егер сырқаттанған адаммен байланысқа түскен болсаңыз, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз; - ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет; - түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, шарфпен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз; - иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану; - қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды қысқарту, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізумен желдету; - ауру балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу. Осы қарапайым ережелерді сақтау тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға көмектеседі», - деп ескертті департаменттен. 



Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдығу азайғанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика