конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жол қысқарады, қозғалыс жеделдейді

Алматыда жол қысқарады, қозғалыс жеделдейді

Әлеумет 14.11.2024, 17:42 1,007 Bakyt
Алматыда жол қысқарады, қозғалыс жеделдейді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы жаңа жолайрық Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының өткізу қабілетін 15-20%-ға арттырады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаны жүзеге асыру 2017 жылы басталғанымен, 259 жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты құрылыс ұзаққа созылды. Соңғы жер телімі биыл мамыр айында босатылды.

Жоба аясында Сейфуллин даңғылында көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу жоспарланған. Ал Жансүгіров көшесі бойынша көлік қозғалысы жер деңгейінде жүзеге асады. Сонымен қатар, 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және іргелес аумақты көгалдандыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта барлық бұрылыс жолдарда асфальтбетон жабыны төселіп, бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, сондай-ақ кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон жабын төсеу аяқталды. Демалыс күндері осы тоннельдер арқылы қозғалыс ашылып, ауа райы қолайлы болса, уақытша жол таңбаларын сызу жоспарланған.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, абаттандыру жұмыстарымен бірге нысанды келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, жолайрық іске қосылғаннан кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, ал Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға артатыны күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #жолайрық #тоннель
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);